«У.Д. Қантаев атындағы Мойнақ СЭС» АҚ

Комплаенс-офицер

Комплаенс-офицер

Комплаенс-офицер лауазымы «У.Д.Қантаева атындағы Мойнақ СЭС» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) ұйымдық құрылымына Директорлар кеңесі мен Қоғамның Басқармасы қабылдайтын бастамалар, шаралар мен іс-қимылдар шеңберінде мына мақсаттар үшін енгізілді:

  1. Міндетті реттеушілік талаптардың және үздік халықаралық тәжірибенің, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша сақталуын қамтамасыз ету;
  2. Барлық қызметкерлер арасында ашықтықты, адалдықты қамтамасыз ететін және үздік халықаралық стандарттарға, ішкі саясаттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнесті жүргізу үшін жағдай жасайтын Қоғамның ішкі корпоративтік мәдениетін қалыптастыру;

Комплаенс-офицер өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қоғамның жарғысына, Ұжымдық шартқа, Қоғамның мінез-құлық кодексіне, Корпоративтік басқару кодексіне, Қоғамның Комплаенс-офицері туралы ережеге және Қоғамның өзге де ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады. Комплаенс-офицер Қоғамның Басқармасына тәуелсіз, Қоғамның Директорлар кеңесіне есеп береді, сондай-ақ оған өз міндеттерін орындау үшін қажетті өкілеттіктер мен ресурстар берілген.

Қоғамның Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 16 маусымдағы шешімімен Қоғамның Комплаенс-офицері болып Жанат Хайруллаевна Нұрпейісова тағайындалды.

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, әдепсіз мінез-құлық және өзге де бұзушылықтар туралы жедел желіге хабарлай аласыз. Өтініштерді барлық адамдар орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде мына байланыс арналары арқылы бере алады:

Жедел желі

  • мына телефон нөмірі бойынша 8-800-080-4747. (Қоңырау ҚР аумағында тегін)
  • электрондық пошта mail@sk-hotline.kz
  • интернет-портал www.sk-hotline.kz
  • WhatsApp 8-771-191-88-16
«Самұрық-Энерго» АҚ Жедел желі заңнаманың және/немесе Мінез-құлық кодексінің болжанатын бұзушылықтары, алаяқтық, сыбайлас жемқорлық жағдайлары, құпия және инсайдерлік ақпаратты рұқсатсыз жария ету туралы ақпараттандыру арнасы болып табылатынын хабарлайды. Өнімдер мен қызметтерге қатысты мәселелер бойынша, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ мен еншілес және тәуелді компаниялардың басшылығына ресми түрде жүгіну үшін компаниялардың корпоративтік сайттарында көрсетілген клиенттерді қолдау қызметтері мен байланыстарды пайдалану қажет. Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, конкурстық комиссияның, сараптама комиссиясының, «Самұрық-Қазына» тобы компанияларының электрондық сатып алу ақпараттық жүйесі операторының әрекеттері мен шешімдеріне қатысты шағымдарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес zakup.sk.kz сатып алу веб-порталы арқылы беру керек..

 

Комплаенс-офицер Комплаенс-офицер
Республика даңғылы 50/2 010000 Астана Ақмола облысы Қазақстан