«У.Д. Қантаев атындағы Мойнақ СЭС» АҚ

Таза Қазақстан

Таза Қазақстан

«Таза Қазақстан» және «Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциялары аясында «У.Д. Қантаев атындағы Мойнақ СЭС» АҚ қызметкерлері қоршаған ортаның тазалығын сақтау мен табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды насихаттауға бағытталған ауқымды сенбілікке белсене қатысты.

Экологиялық бастамаға станцияның барлық бөлімшелерінің қызметкерлері атсалысты. Бірлескен күш-жігердің нәтижесінде гидроэлектр станциясының аумағында, қосалқы нысандарда, СЭС пайдалану кентінде және станцияға апаратын жолдардың бойында санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ станциядан төмен орналасқан Кенсу өзенінің жағалау аумағын тазартуға ерекше көңіл бөлінді. Акцияға қатысушылар өзен жағасын қоқыстан, құрғақ шөптер мен тұрмыстық қалдықтардан тазартып, өңірдің экологиялық тепе-теңдігін және табиғи су көздерінің тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.

Сонымен қатар экологиялық акция аясында Қоғам қызметкерлері жалпы саны 635 түп ағаш көшеттерін отырғызды. Көгалдандыру жұмыстары гидроэлектр станциясының кіреберіс аумағында, «Мойнақ СЭС» АҚ пайдалану кентінде, балабақша мен мешіт маңында, аллея бойында, сондай-ақ Қоғам қызметкерлерінің тұруына арналған тұрғын үйлер мен қонақүйлердің жанында жүргізілді. Бұл жұмыстар аумақты көркейтуге және экологиялық тұрғыдан қолайлы орта қалыптастыруға зор үлес болды.

Осындай игі шараларды өткізу станция ұжымының жақсы дәстүріне айналды. «У.Д. Қантаев атындағы Мойнақ СЭС» АҚ қызметкерлері үшін экологиялық акцияларға қатысу - бұл қоршаған ортаны көркейтуге қосқан үлес қана емес, сонымен қатар табиғатқа, туған жерге және келер ұрпаққа деген жауапкершіліктің көрінісі.

«Таза Қазақстан» және «Мөлдір бұлақ» акциялары адамдарды ортақ мақсатқа - қоршаған ортаны таза, қауіпсіз әрі өмір сүруге қолайлы ету жолында біріктіреді. Станция ұжымы алдағы уақытта да еліміздің табиғи байлығын сақтауға бағытталған экологиялық бастамаларды қолдауды жалғастырады.

photo_1

photo_1

photo_1

photo_1

photo_1

photo_1

photo_1

Таза Қазақстан Таза Қазақстан
Республика даңғылы 50/2 010000 Астана Ақмола облысы Қазақстан