«У.Д. Қантаев атындағы Мойнақ СЭС» АҚ ұжымы халқымыздың ең маңызды әрі қастерлі мерекелерінің бірі — Наурыз мейрамын кең көлемде және жоғары көңіл-күймен атап өтті. Мерекелік іс-шара Қоғам қызметкерлерін бір арнаға тоғыстырып, көктемнің шуақты көңіл-күйі мен бірлік атмосферасын сыйлады.
Бұл күні станция аумағы ұлттық нақышқа, әсем ән мен көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. Қызметкерлер мен қонақтар үшін ұлттық әндер мен билерден тұратын концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, Алдар Көсе қатысқан сахналық көріністер көпшілікке ерекше әсер сыйлады.
Мерекенің ерекше бөлігінің бірі ұлттық ойындар мен дәстүрлі сайыстар болды. Қызметкерлер асық ату, арқан тарту және қошқар көтеру жарыстарына белсенді қатысып, өздерінің ептілігі мен күш-жігерін, ұйымшылдығын көрсетті.
Сонымен қатар мереке аясында ең белсенді қатысушылар марапатталып, ұлттық нақыштағы үздік дресс-код ұсынған қызметкерлерге ақшалай сыйақылар табысталды. Бұл қазақ халқының мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерінің әсемдігін айшықтай түсті.
Наурыз мерекесі достықтың, бірліктің және ұлттық құндылықтарға деген құрметтің жарқын көрінісіне айналды. «У.Д. Қантаев атындағы Мойнақ СЭС» АҚ ұжымы мерекеге қатысқан барлық қызметкерлер мен қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй, шынайы эмоциялар және мерекелік атмосфера үшін алғыс білдіреді.







