2023 жылдың 06 қазанында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Мақсұтов Қайрат Берікұлы жұмыс сапарымен «У.Д. Қантаев атындағы Мойнақ ГЭС» АҚ-на келді.
«Самұрық-Энерго» АҚ басшысының негізгі мақсаты ГЭС жұмысымен, оның жабдықтарының техникалық жай-күйімен және нысаналарымен танысу болды.
«Самұрық-Энерго» АҚ басшысының негізгі мақсаты ГЭС жұмысымен, оның жабдықтарының техникалық жай-күйімен және нысаналарымен танысу болды.
Одан әрі күн тәртібіне сәйкес Мойнақ ГЭС-ның негізгі нысандары Бестөбе су қоймасы нысандары, Теңестіру резервуары, № 2 Ұңғыма және Контр реттеуіш бөгетімен танысты.
«Самұрық-Энерго» АҚ басшысы «У.Д. Қантаев атындағы Мойнақ ГЭС» АҚ-ның перспективалық даму жоспарымен қатар станцияның күзгі-қысқы кезеңге дайындық іс-шараларымен танысып жұмыс сапарын қорытындылады.

