2023 жылдың 17 мамырында «У.Д. Қантаев атындағы Мойнақ ГЭС» АҚ-на (бұдан әрі - Қоғам) «Самұрық-Энерго» АҚ «Еңбекті қорғау» Департаментінің директоры Максилов Төлеген Маямерұлы жұмыс сапарымен келді. Жұмыс сапарының негізгі мақсаты – Қоғамның қатардағы басшыларымен қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы түйткілді мәселелерді талқылау болды.
Жұмыс сапары барысында келесі тақырыптар талқыланды:
- қауіпсіздік мәдениетін арттыру және қайғылы оқиғалардың алдын алудағы құрылымдық бөлімшелер басшыларының рөлі;
- 2013 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында болған өндірістік жарақаттану статистикасы;
- қайғылы оқиғалардың алғы шарттары және т.б.
Қоғамдағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы түйткілді мәселелерді талқылауға арналған кеңес жемісті әрі нәтижелі өтті. Отырыс қорытындысы бойынша, жарақаттануды бақылау және алдын алу шараларын күшейту бойынша бірқатар хаттамалық тапсырмалар берілді, және де еңбекті қорғау мәселелеріне бірінші басшыларды тарту арқылы жұмысшылардың қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру қажеттігі атап өтілді.