Салтанатты шараға қатысу
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні және кәсіби мереке – Энергетиктер күніне орай «Энергетиктер кәсіподағы Қазақстандық филиалы» ҚБ кәсіподақ ұйымының бастамасымен «У.Д. Қантаев атындағы Мойнақ ГЭС» АҚ қызметкерлері (бұдан әрі – Қоғам) мерекелік шараға шақырылды.
Ағымдағы жылдың 26 желтоқсанында Алматы қаласында «Қазақстандық энергетиктер салалық кәсіподағы» ҚБ ұйымдастыруымен кәсіподақ мүшелерін (5 адам) марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шара соңында Қоғам қызметкерлеріне құрмет грамоталары және алғыс хаттар табысталды.