«У.Д. Қантаев атындағы Мойнақ ГЭС» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы және комплаенс мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Осыған байланысты Қоғамның комплаенс қызметкері уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерін тарта отырып, жұмыскерлерге оқыту іс-шараларын жүйелі түрде жүргізеді.
Қоғам 2021 жылдың желтоқсан айында Beeline сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумында комплаенс бағдарламасы бойынша тегін оқуды жеңіп алды.Осылайша 2022 жылдың 24-25 қарашасында Қоғамның Басқарма мүшелері мен қызметкерлері (11 адам) «KaR-Tel» ЖШС (Beeline) ұйымдастырған комплаенс бағдарламасы бойынша екі күндік тренингтен өтті. Тренингтің басты артықшылығы практикалық тапсырмалар болды. Тренинг соңында Компания қызметкерлеріне сертификаттар табыс етілді.