«У.Д.Қантаев атындағы Мойнақ ГЭС» АҚ ұжымының жалпы жиналысы. 2022 жылдың 24 тамызында «У.Д.Қантаев атындағы Мойнақ ГЭС» АҚ Басқарма төрағасы Ғ.А.Айдарбековтың төрағалығымен ұжымның жалпы жиналысы өтті. Жиналыстың тақырыбы 2021 жылды, сондай-ақ 2022 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылау болды. Кездесудің мақсаты қызметкерлерді еңбек тәртібі туралы ақпараттандыру, еңбектегі табысқа ынталандыру, еңбек қатынастары және қызметкерлердің еңбегін қорғау, сонымен қатар ұжымды ортақ мақсатқа жетуге ынталандыру болды. Ғ.А.Айдарбеков станцияның техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне егжей-тегжейлі тоқталып, қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың барлық талаптарын мүлтіксіз орындау қажеттігін еске салды.