Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!
2022 жылғы 22 тамызда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) «У.Д.Қантаев атындағы Мойнақ ГЭС» АҚ және «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ комплаенс-офицерлерімен бірге сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бірлескен іс-шара өткізді.
Аталған іс-шараға, «У.Д.Қантаев атындағы Мойнақ ГЭС» АҚ және «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ жұмыскерлері мен басшылары қатысты.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тобының инспекторы Супугалиев Рашид Болатұлы, өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарын баяндап, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңындағы жаңа өзгерістер туралы айтты. Сондай-ақ шара барысында қызметкерлер өздерін толғандырған сұрақтарға толық жауаптар алды.Шара соңында қызметкерлерге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2020 - 2021 жылдар бойынша атқарған жұмыс қорытындылары туралы бейнеролик көрсетілді.