07.04.2022 жылы «У.Д.Қантаев атындағы Мойнақ СЭС» АҚ-ның Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген (№ 04/22 хаттама) корпоративтік басқаруды жетілдірудің 2022 жылға арналған жоспарын орындау мақсатында «У.Д.Қантаев атындағы Мойнақ СЭС» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері су электр станциясында болып, Директорлар кеңесінің кезекті отырысын өткізді.
Оларға су электр стансасы бойынша экскурсия жүргізіліп, су электр стансасы мен Мойнақ ауылының құрылысының тарихы айтылды.