Бүгін «У.Д.Қантаев атындағы Мойнақ СЭС» АҚ ұжымында үстіміздегі жылдың 5 маусымында өтетін Жалпы республикалық референдум бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында еліміздің бүгіні мен болашағына қатысты тың бастамалар туралы айтты. Оның ішінде Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізу туралы ұсыныстың маңызы жоғары.
Конституцияға енгізілетін өзгерістер мемлекеттіліктің жаңа моделін қалыптастыруды көздейді. Бұл – мемлекет пен қоғамның байланысын бұрынғыдан да жақындата түсетін үлкен мүмкіндік. Реформа аясында Ата заңымыздың 33 бабына түзету енгізіледі. Яғни еліміздің ең басты Құжатының үштен бірі өзгереді деген сөз. Сол себепті, осындай тарихи бетбұрысқа барлығымыздың тікелей қатысуымыз аса маңызды.