2024 жылдың 24 қаңтарындағы «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарына бару туралы» № 14-П бұйрығын орындау мақсатында, 2024 жылы ақпан айының соңында «У.Д.Қантаев атындағы Мойнақ ГЭС» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) «Еңбекті қорғау» департаментінің директоры Шардарбеков Дүйсенбек Абдуллаұлы және «Еңбекті қорғау» департаментінің маманы Үшкен Данияр Маратұлы жұмыс сапарымен келді.
«Еңбекті қорғау» департаменті өкілдерінің жұмыс сапарымен келудегі мақсаты - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін, Қоғамның Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын және Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының орындалуын, еңбекті қорғау, денсаулықты қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласын бағалау болды.
Жұмыс сапары барысында «Еңбекті қорғау» департаментінің өкілдері жұмыс орындарына, Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына тексеру жүргізді, сондай-ақ жұмыскерлермен сұхбат алмасты.