2024 жылдың қысқаша қорытындысы
Өткен 2024 жылды станциямыз өте жақсы көрсеткіштермен аяқтады. Гидроэлектростанциямыз 1070млн.кВТ/сағ электр әнергиясын өндіріп, жоспарды 125% орындады. Жоғары кәсіби шеберлікпен жақсы көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін Қоғамның 33 жұмыскері төмендегідей марапаттарға ие болды:
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Алғыс хатымен және Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаевтың «Кеген ауданына сіңірген еңбегі үшін» медалімен «У.Д. Қантаев атындағы Мойнақ ГЭС» АҚ-ң Басқарма Төрағасы Айдарбеков Ғалымжан Әбікенұлы, Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаевтың жарлығымен жоғары кәсіби біліктілігі және Еліміздің Энергетика саласының дамуына зор үлес қосқаны үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен турбина цехының бастығы Бакиров Полат және автокран машинисті Нуркалиев Жандос, Қазақстан Республикасының Энергетика Министрінің Құрмет грамотасымен электр цехы орынбасары Чикабаев Дидар, Қазақстан Республикасының Энергетика Министрінің «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалімен Өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Нармуратов Серікбай, Қазақстан Республикасының Энергетика Министрінің Құрмет грамотасымен СРЗиА-ның бастығы Нұрланұлы Қанат, электр цехы бастығы Абдикожаев Жанат, Қазақстан Республикасының Энергетика Министрінің Алғыс хатымен Құрылыс бөлімінің бастығы Дүйсетай Елдар, Орталық басқарма пунктінің цех ауысым бастығы Батырханов Жангелді,Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Алғыс хатымен турбина цехының слесары Бекеев Қанағат, Азаматтық қорғаныс бөлімінің бас маманы Бекбосын Ринат, Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаевтың Құрмет грамотасымен турбина цехының су операторы Акимжанов Серік, Релелік қорғаныс бөлімінің инженері Нурай Мирас, Алғыс хатымен келісім-шарттар бойынша маман Аманбаев Алияр, слесарь Төкенұлы Серікжан, бас маман Бегілдаш Бекнұр, Қазақстандық энергетиктердің салалық кәсіподағының Құрмет белгісі медалімен Корпоративтік даму басқармасының бастығы Алимбекова Арайлым, Құрмет грамотасымен бас бухгалтер Таутай Мақсат, Әкішілік-шаруашылық бөлімінің бастығы Сауир Бахыт, Алғыс хатымен Орталық басқарма пунктінің станция ауысым бастығы Мәсімғазиев Алмас, бухгалтерияның бас маманы Алдыберген Ақмарал, Қазақстан Республикасының Кәсіподақ федерациясының Құрмет грамотасымен электр цехының мастері Дүйсенқожа Есен, Алғыс хатымен турбина цехының су операторы Досымбаев Болат, Қазақстан Республикасының Кәсіподақ федерациясының Алғыс хатымен Техника қауіпсіздігі бөлімінің бастығы Меденов Айдар, «Самұрық-Қазына» Акционерлік қоғамының Алғыс хатымен маркетолог Абубакарова Екатерина, «Самұрық-Энерго» Акционерлік қоғамының Құрмет грамотасымен механик Рахметов Нұржан, инженер Ілік Әлішер, инженер Әукен Сұлтан, Бас заңгер Тоқтархан Алдияр, Алғыс хатымен экономист Ибрагимов Нұржан, көлік жүргізуші Абдыраев Талғатбек, жұмысшыс Беделбеков Айбол, Орталық басқарма пунктінің станция ауысым бастығы Кокимбаев Асхат, гидроагрегат машинисті Бакеев Мақсат марапатталды. Қоғам жұмыскерлері еліміздің әр шаңырағы жылы әрі жарық болуы үшін әлі де талай жұмыстарды атқаруға дайын.