Жиын өтті
2016 жылдың 5 қаңтар күні Жылысай ауылдық округіне қарайтын Мойнақ елді мекенінде қоғамдастық жиналысы өтті. Жиналысты Жылысай ауылдық округінің әкімі Т.Әлдибеков ашты.Жиналысқа 102 адам қатысты.
Күн тәртібінде : Мойнақ Су Электр Станциясында қызмет атқаратын мамандарға арналған елді мекеніне және көшелерге ресми атау беру.
Жиналыста ресми қаулы қабылданып, Мойнақ елді мекеніне «Мойнақ энергетиктер ауылы» атауын, үш көшеге «Шоған Абыз» «Әлмерек Баба» «Жәнібек батыр» есімдерін беруге ұсыныстар жасалды.
Мойнақ-Әлмерек бабаның ұлы Бабадан атадан тарайтын ұрпағы.
Көнекөз қариялардың айтуына қарағанда Мойнақ бір ауылды өз енбегімен асыраған,тұлғасы биік еңбекқор азамат болған.
Әлмерек баба- Әлмерек Жаншықұлы - (1658, Әулиеата маңайы (қаз. Жамбыл облысы) — 1754 жылы ш., Алматы өзені жағасы (қаз. Әлмерек ауылы) — абыз, батыр, шешен, көріпкел.
Қазақ жастарынан жасақ ұйымдастырып, жоңғар басқыншыларына Сілеті т., т.б. жерлерде соққы берген. Қазақ халқының жадында Әлмеректің есімі көріпкел әулие ретінде көбірек сақталған. Одан Хангелді, Бақай, Малай, Райымбек батырлар бата алған. Әлмеректен бес бала болған: Жәнібек, Баба, Құрман, Қаракісі, Тоқан. Ұрпақтарының ішінен елге сыйлы батырлар, би-шешендер шыққан. Жетісу өңіріндегі 1916 жылы ұлт-азаттық көтерілісінің басшыларының бірі Ұзақ батыр, атақты күйші Қожеке Назарұлы, классик жазушы Б.Соқпақбаев Құрманнан тараса, ал қалмақтарға қарсы күрескен Байсейіт батыр, Пұсырман би, орыс отаршылдығына қарсы тұрған Тазабек, Жақыпберді, Әубәкір сияқты тұлғалар Әлмеректің үлкен ұлы Жәнібектің тікелей ұрпақтары. Әлмеректің екінші баласы Бабадан —Қашаған, Тұрысбек, Тоқаннан — Баржық батыр, Адыр шешен, кенжесі Қаракісіден Қорам және Бекбау сияқты батырлар шыққан. Әлмерек ұрпақтары Қытайда, Монғолияда, Өзбекстан мен Қырғызстанда да тұрады.
Шоған абыз 1584-1642 жылдары өмір сүрген қазақтың атақты сәуегей абызы, биі. Ол Ташкент-Шымкент аралығындағы елдер арасында туып, ержеткен. Шыққан тегі Ұлы жүздің Албан атасынан. Бұл аталардан шыкқан Аламан, Шағыр, Сырымбет, оның ұрпақтары Ханкелді, Түке ұлы Райымбек, Рыскелді, Төлес ұлы Байсейіт, Тәуке батырлар да, Жұман, Қожағұл тәрізді әділ билер де, бәрі де ішкі-сыртқы шапқыншы жауларға қарсы күресіп, өзінің ерлігімен даңқы жайылған ел қамқорлары еді.
Шоған он төрт жасынан ел басқару ісіне араласып, билік айта бастайды. Ол көбінесе өзінің туып-өскен ортасы Ташкенттің Шыршық жағы мен Шымкенттің бұрынғы Қаратас, Тұрбат, Қазығұрт баурайындағы ауыл-кыстақ, қалаларда тұратын халықтар арасында жиі болып билік айтқан. Ұлттар, рулар арасын достық ынтымағын сақтауға, елдің тыныштық, бірлігін нығайтуға көп күш жұмсайды.
Туған елінің ынтымақ-бірлігін сақтап, қалың қауымнын тыныштығын бұзбай, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға үндеп, соның жүгін қайыспай, көтере алған азаматтарын мадақтап, жырға айналдыру да біздің қашаннан бері келе жатқан халықтық дәстүріміз. Шоған абыздың ел тарихында айырықша орын алатындығы, қауым ыкылас білдірген қасиеттері тілге тиек болған ізгі істерін, жас ұрпаққа үлкен өнеге ретінде таныту бүгінде басты міндет болмақ.
Жәнібек батыр- Әлмерекұлы Жәнібек– ел қорғаны,батыр,шешен,елін, жерін жаудан қорғаған көреген адам болған.Туған,өлген жылдары белгісіз.XII – XIII ғасырларда өмір сүрген. Негізі Ұлы жүз, Бозым,Жаншық,Әлмеректен тарайды.Атағы кеңге жайылған Райымбек батырмен тізе қосып,жоңғарларға қарсы күреске шыққан. Торайғыр,Қарқара, Нарынқол аймағында Сатай,Бөлек, Кызылбөрік,Қойгелді,Хангелді,Қыстық, Малай батырлармен бірге жонғарларға қарсы шайқасқан.Жәнібектің өзі Әлмеректің үлкен ұлы болса, оның өз кіндігінен Қойлыбай,Байсейіт,Тоқсейіт,Көшек деген төрт баласы болған.Ұрпақтары өсіп өніп Алматы қаласында, Алматы облысында, оның ішінде Райымбек ауданында көп шоғырланған.Біраз ұрпақтары Ташкентте, Кырғызстанда, Кытайда, тіпті мұхит асып Америка, Австралия сиякты елді мекендерде бар.
Жәнібек батыр жоңғарларға қарсы жорықта көп әскери айла тәсілдерді ойлап тапқан.Сондықтан жау жағының «Жәнібектің жантаймасынан құдай сақтасын» деген сөз қалған. Қалмақтарға қарсы күрескен Байсейіт батыр, Пұсырман би, орыс отаршылдығына қарсы тұрған Тазабек,1916 жылғы Ұлт азаттық көтерілістің басшылары Жақыпберді, Әубәкір сияқты тұлғалар Әлмеректің үлкен ұлы Жәнібектің тікелей ұрпақтары.
Жәнібек әкесі Әлмеректен бұрын жоңғарлар қолынан жорықта қайтыс болған.Қорымы қазіргі Алматы маңындағы Әлмерек ауылында «Әлмерек қорымында» әкесінің жанында жерленген. Ұрпақтарынан ел билеген шешен,батыр, асқан дарынды адамдар көп өсіп өнген.Артындағы ел жұртты ешкімге басын имеген,өзгелер одан именіп өткен ел ұрпақтары болған