Балаларды қорғау күніне орай «У.Д. Кантаев атындағы Мойнақ ГЭС» АҚ қызметкерлерінің балаларына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Кішкентай қонақтар үшін қызықты ойындар, көңілді байқаулар, би бағдарламалары және көптеген тосынсыйлар дайындалды. Мереке балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жарқын әсерлер мен қуанышты сәттерге толы болды.
Мереке аясында балаларға арнайы бағалы сыйлықтар табысталды.
Іс-шара «Қазақстандық энергетиктердің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «У.Д. Кантаев атындағы Мойнақ ГЭС» АҚ Кәсіподақ ұйымы филиалының қолдауымен ұйымдастырылды.
«У.Д. Кантаев атындағы Мойнақ ГЭС» АҚ отбасылық құндылықтарды қолдауға және қызметкерлер мен олардың отбасылары үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөледі.
Барша балаларға бақытты балалық шақ, зор денсаулық, жарқын әсерлер мен армандарының орындалуын тілейміз!




