JSC «Moynak HPP n. a. U.D. Kantayev»

«САҚТАНДЫРУ ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!!»

«САҚТАНДЫРУ ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!!»

«Самұрық-Энерго» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) «Медициналық сақтандыру» санаты бойынша  Қор деңгейінде Сатып алу санаттық стратегиясының (бұдан әрі – Стратегия) «ұзақ мерзімді бастамаларын» іске асыру аясында Холдинг тобына кіретін еншілес ұйымдарға 2019 жылға арналған қажеттіліктерге аталған санат бойынша қызмет көрсетудің әлеуетті жеткізушілерін анықтау мақсатында сақтандыру ұйымдарының қатысуымен бәсекелес келіссөздер жүргізуді жоспарлап отырғанын хабарлайды.

Алда болатын бәсекелес келіссөздерге рұқсат алу мақсатында өнім берушілер Қоғамға құжаттарды Стратегияда белгіленген талаптарға сәйкес әзірленген іріктеу критерийлеріне сай жолдауы қажет. Бәсекелес келіссөздерге қатысу үшін Өтінімдер берудің соңғы күні: 2019 жылғы «14» қантар,  жергілікті уақыт бойынша сағ. 15:00-ге дейін, Астана қаласы.

Өтінімдер қабылданған соңғы күннің ертеңінде келіссөз тобы жоғарыда аталған талаптарға сәйкес конверттерді ашу рәсімін жүзеге асырады. Алдын ала ұсынылған құжаттаманы қарау нәтижелері бойынша бәсекелес келіссөздерге рұқсат беру хаттамасына қол қойылып, аталған ақпарат әлеуетті өнім берушілерге қосымша хабарланады. 

Бәсекелес келіссөздер өтетін болжамды күн 2019 жылғы «21» қантардан - 2019 «28» қантарға дейін.

Жоғарыда аталған талаптарды алу үшін, бәсекелес келіссөздерге қатысу үшін іріктеуден өту мақсатында Холдинг тобына кіретін ұйымдарға мына электронды мекенжайға: s.kurmanov@samruk-energy.kz. ауырып қалған жағдайда медициналық сақтандыру қызметін көрсету мүмкіндігі туралы ресми сұрау жіберу қажет.

Барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласу қажет: +7 7172 69 23 99.

«САҚТАНДЫРУ ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!!» «САҚТАНДЫРУ ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!!»
Prospect of the Republic 50/2 010000 Astana Akmola region Kazakhstan